• kz
  • ru
  • en
  • Қорғалжын қорығында Климат мектебі ашылды

    Бүгін Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) Шағын гранттар бағдарламасы мен БҰҰДБ-ның қолдауымен Қорғалжын қорығының визит-орталығында Климаттық мектеп ашылды, деп хабарлайды tabigat.kz БҰҰ Даму бағдарламасына сілтеме жасап.

    Қазақстанның сегіз өңірінен келген оқушылар мен мұғалімдер 10 күн бойы жаңартылатын энергия көздері технологиялары, өңірдің биологиялық әртүрлілігі, климаттың өзгеруі және оған бейімделу шаралары туралы білім алады, – делінген хабарламада.

     


    Климаттық мектеп — ЖЭҚ-БҰҰДБ Шағын гранттар бағдарламасының 7-кезеңі аясында грант алған Қорғалжын экологиялық обсерваториясының бастамаларының бірі. Грант аясында обсерваторияда оқу блогының электр қуатына деген қажеттілігін толық қамтамасыз ететін күн электр станциясы орнатылды. Сондай-ақ тұрғын блогына жылу сорғылары, ал аумаққа жел қондырғысы орнатылды.


    Бұдан бөлек, бүгін БҰҰДБ мұғалімдерге климаттың өзгеруі тақырыбында сабақ өткізуге арналған материалдар мен ұсынымдар жинақталған жаңартылған “Климаттық қобдишаның” 10 жиынтығын табыстады. “Климаттық қобдиша” жастарға бұл мәселені түсінуге, шешу жолдарын іздеуге және Жерді қорғау үшін нақты әрекеттер жасауға көмектеседі.

    Фото: БҰҰ Даму бағдарламасы

    Spread the love