• kz
  • ru
  • en
  • Ақтаулық сүңгуір теңіз түбін қоқыстан тазартты

    Ақтаулық сүңгуір Қанат Әбдиев Каспий теңізінде 1270 метр аумақты қоқыстан тазалады, деп хабарлайды tabigat.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Теңіз астындағы тазалық жұмыстарын сүңгуір жиі жүргізгенімен, әлеуметтік желіге көп жарияламайды екен. Қанат Әбдиевтің айтуынша, теңіз астында негізінен тамақ қалдықтары мен пластикалық өнімдер кездеседі. Сүңгуір барлық тұрғынды тазалық сақтауға шақырады.

    Ақтаулық сүңгуірлердің арнайы чаты бар. Тазалық жұмыстарын тек мен ғана емес, басқа сүңгуірлер де жүргізеді. Жалпы теңіз астында негізінен тамақ қалдықтары мен пластик бөтелкелер, полиэтилен пакеттері жиі кездеседі. Су астында 8-10 метр тереңдікте жатқан қоқыс тазаладым. Бұған дейін теңіз түбін тазалағаннан кейін, осы жолы 1 қап қоқыс шықты. Барша тұрғынды қоршаған ортамызға құрметпен қарап, тазалықты сақтауға шақырамын, – деді Қанат Әбдиев.

    Ақтау тұрғыны және кәсіби сүңгуір Қанат Әбдиев Каспий теңізінің теңіз түбін тазарту бойынша экологиялық акция өткізіп, ұзындығы 1270 метр учаскені қамтыды, деп хабарлайды tabigat.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

     

    Spread the love