• kz
  • ru
  • en
  • “Таза Қазақстан” экологиялық қозғалысына 2 млн адам қатысты

    Экологиялық мәдениет пен табиғатқа ұқыпты қарауды дамытуға бағытталған “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастамасы аясындағы іс-шараларға 2 миллионға жуық азамат, оның ішінде 156 мың ерікті қатысты. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды tabigat.kz.

    Министрдің айтуынша, бұл бастама халықты біріктіріп қана қоймай, жалпыұлттық ауқымдағы іске айнала отырып, патриоттық рухты нығайтты.

    “Биылдан бастап “Таза Қазақстан” қамқорлығымен ел бойынша 573 іс-шара (2024 ж. – 183) өткізілді, оның ішінде республикалық (“Таза кәсіп – таза аймақ”, “Киелі мекен”, “Таза өлке”, “Мөлдір бұлақ” және басқа халықаралық акциялар (“Жер сағаты”, “Халықаралық құстар күні”), оның шеңберінде 189 мың тоннаға жуық қалдықтар жиналып, 735 мың гектарға жуық аумақ тазартылып, 2 млн астам ағаш отырғызылды”, – деп атап өтті министр баяндамасында.

    Сондай-ақ, Telegram @TazaQazBot чат-боты жұмысының оң жақтары айтылды, оның көмегімен тұрғындар тиісті қызметтерге экологиялық және абаттандыру мәселелерін шешуге жылдам жауап беруге тез көмектесе алады. Мысалы, осы жылы 11 мыңнан астам өтінім түсті, оның 10 мыңы орындалды (10 275-орындалды, 367-орындалуда, 443-тоқтатылды).

    Бұдан бөлек министр елді мекендерді көгалдандыру барысы және елдің ормандылығын арттыру, ҚТҚ полигондарын салу және қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын қаржыландыру туралы айтты.

    Spread the love