• kz
  • ru
  • en
  • Қазақстан COP31 конференциясында Солтүстік Аралды қалпына келтіру тәжірибесін таныстырды

    Су ресурстары және ирригация вице-министрі Арсен Жақанбаев су экожүйелерін қалпына келтіру және Солтүстік Арал теңізін қайта жандандыру тәжірибесіне арналған панельдік сессияда сөз сөйледі. Іс-шара министрліктің бастамасымен Түркияның Анталья қаласында өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-конференциясы (COP31) аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды infotabigat.kz. Өз сөзінде вице-министр «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік……
    Continue Reading

    «Бірлік – Таза Қазақстан үшін»: екі мыңға жуық адам Молодежный кентін абаттандыруға шықты

    Қарағанды облысында «Бірлік – Таза Қазақстан үшін» экологиялық акциясы өтті. Молодежный кенті мен оған іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру үшін тұрғындар, еріктілер мен қоғам қайраткерлері бірікті. Бастамаға екі мыңға жуық адам қосылды, деп хабарлайды infotabigat.kz. Тұрғындармен бірге акцияға Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Бірлік» қоғамдық тобының мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктер…

    Continue Reading

    Астанада бір миллионнан астам жасыл желек егілді

    Елорданың барлық ауданында 2026 жылы ауқымды көгалдандыру жұмысы жүргізілді. Көшелердің бойына, саябақтар мен гүлзарларға, қоғамдық кеңістіктер мен қалалық инфрақұрылым нысандарының аумағына ағаштар, бұталар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызылды, деп хабарлайды infotabigat.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қазір елордада 4 миллионнан астам жасыл желек бар. Ал «Жасыл белдеу» аумағында тағы 14 миллионға жуық ағаш өсіп тұр. Қалада…

    Continue Reading

    Қарағанды облысының жаңа туристік бағыттары 2ГИС-ке қосылады

    Туристерге Қарағанды облысына баруды жоспарлау жеңілдейді. 2ГИС көрікті орындар, туристік бағыттар және демалыс орындары туралы көбірек ақпарат пайда болады. Бұл үшін Visit Karaganda мен 2ГИС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды infotabigat.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар туристік нысандар туралы мәліметтерді бірге жаңартып, картаға жаңа бағыттарды қосуға ниетті. Қарқаралы, Балқаш және басқа…

    Continue Reading

    Сайрам ауданында 1 гектар жерге 1000 түп ағаш отырғызылды

    Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сайрам ауданында ауқымды ағаш отырғызу және тазалық акциясы ұйымдастырылды. Игі шараға 400-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды infotabigat.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан орталығындағы Орталық саябақта өткен экологиялық акцияға мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді атсалысты. Нәтижесінде 1 гектар аумаққа…

    Continue Reading