Біз туралы
Тabigat.kz – Қазақстан мен Орталық Азиядағы экология, климат және тұрақты туризм туралы тәуелсіз ақпарат агенттігі.
Біз табиғи дағдарыстар мен шешімдер туралы, қоршаған ортаны сақтау және аймақтың тұрақты болашағы үшін күресетін адамдар мен қауымдастықтар туралы айтамыз.
Климаттық өзгерістерден бастап табиғатпен тепе-теңдікте өмір сүруге мүмкіндік беретін шешімдерге дейін маңызды экологиялық тақырыптарды көтереміз.
Біз туризмді табиғатпен қарым-қатынас жасау және жергілікті қауымдастықтарды қолдау мүмкіндігі ретінде қарастырамыз. Саяхат табиғатты күтуге, жергілікті қауымдастықтарды қолдауға және аймағымыздың бірегей мұрасын сақтауға шабыттандырады деп сенеміз.