• kz
  • ru
  • en
  • Қызылорда облысында ағаш отырғызу акциясына 9 мыңнан астам адам қатысты

    Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясындағы «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» акциясына қатысты, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Акцияның мақсаты – «Таза Қазақстан» бастамасын қоғамда кеңінен насихаттау және ілгерілету.

    Аумақтарды көгалдандыру және табиғатты сақтау жауапкершілігін қалыптастыру. Отырғызылған әрбір ағаш – экологиялық ахуалды жақсартуға қосылған үлес әрі болашақ ұрпаққа деген қамқорлықтың белгісі.

    Іс-шараға облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, қала әкімі, облыстық басқарма басшылары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің және «Әділет» партиясы филиалының еріктілері – барлығы 150-ден аса адам қатысты.

    275 түп тал отырғызылды, оның 25-і – арша және 250-і – терек көшеті.

    Акция аясында барлық ауданда тал егу шаралары өткізілді. Оған 9163 адам қатысып, 5875 түп көшет отырғызылды.

    Spread the love