2026 жылғы 17–21 қараша аралығында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды infotabigat.kz.
Экспедицияға қорықтың ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері мен «Биоәртүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» (BRCC) қоғамдық қорының сарапшылары қатысты.
Ғылыми жұмыстар барысында:
Қорық аумағында зерттеу жүргізілді;
Жаңа фототұзақтар орнатылды;
Бұрын орнатылған фототұзақтардағы жинақталған мәліметтер алынды.
Зерттеу жұмыстарына қорықтың ғылыми қызметкерлері А. Пулатов, С. Турмагамбетов, Н. Жабас, мемлекеттік инспекторлар Н. Қайрат, Д. Атантаев және BRCC сарапшылары В. Терентьев пен А. Мухашов қатысты.
Фототұзақтар не үшін маңызды?
Бұл құрылғылар жабайы жануарларды табиғи мекенінде бақылауға, олардың белсенділігі мен таралу ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Ғылыми мониторинг — Үстірттің бірегей жануарлар дүниесін зерттеу мен сақтаудың маңызды құралы.

