Қазақстан астанасында Германия елшілігінің қолдауымен Eurasian Climate Talks жазғы мектебі ашылды, деп хабарлайды tabigat.kz Германияның Қазақстандағы елшілігінe сілтеме жасап.
Еуразия Ұлттық университетінде Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі жобасы аясында Германия елшілігінің қолдауымен Eurasian Climate Talks жазғы мектебі ашылды.
Ашылу салтанатына Германия елшісінің орынбасары Ульрих Кинне мен ЕҰУ проректоры Думан Айтмағамбетов қатысты
Бір аптаға созылатын мектеп барысында қатысушылар климат, жасыл экономика, тұрақты даму және саясат саласындағы жетекші сарапшылармен бірқатар дәріс пен панельдік пікірталастарға қатысады. Студенттер климаттың өзгеруінің негізгі мәселелерін және тұрақты болашақ үшін шешімдерді зерттеуге мүмкіндік беріледі, – деп жазылды дипломатиялық өкілдіктің Instagram парақшасында.
⠀