Үндістанның Қазақстандағы елшілігі ел азаматтарын Халықаралық йога күнін атап өтуге шақырады, деп хабарлайды tabigat.kz дипмиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үндістан жыл сайын 21 маусымда Халықаралық йога күнін (IDY) атап өтеді. Биыл да Астанадағы Үндістан елшілігі “Бір Жер, бір денсаулық үшін йога” тақырыбымен йога күнін атап өтеді. Іс-шара Астанадағы көрнекті нысандардың бірі – Ботаникалық бақта ұйымдастырылады, – делінген елшіліктің хабарламасында.
Бағдарлама сағат 06:00-де 108 рет “Сурья Намаскар” (Күнге сәлем) жаттығуын орындайтын йога жанкүйерлерінің қатысуымен басталады. Ресми бөлім сағат 07:45-те басталады.
Дәстүрлі түрде, биыл да Астана мен басқа қалаларда – Шымкент, Петропавл, Ақтау, Алматы және басқа қалаларда өтетін Йога күніне көптеген йога әуесқойларының қатысуы күтілуде.
Толығырақ елшілік жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығының әлеуметтік желідегі парақшасынан біле ала аласыздар.