• kz
  • ru
  • en
  • Төрт жылда туристердің саны 7,5 есе артты – Екатерина Смолякова

    2020 жылы Қазақстанға шамамен 2 миллион турист келсе, былтыр 15 миллионнан асқан. Сала табысы 1,2 триллион теңгеден жоғары болды. бұл туралы Мәжілісмен Екатерина Смолякова премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған депутаттық сауалында атап өтті, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Депутаттың айтуынша, The New York Times, Lonely PlanetCNN Travel Қазақстанды 2025 жылы баруға ұсынылатын елдер тізіміне енгізген. Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның туризм және саяхат саласын дамыту индексінде 119 елдің ішінде 52-орынға ие болды.

    «Бұл сандар жай статистика емес. Олар Қазақстанның әлем саяхатшылары үшін жаңа тартымды орталыққа айналып келе жатқанын көрсетеді. Туризм – бүгінде өңірлік экономиканың қозғаушы күші, жаңа жұмыс орындары мен шағын бизнестің, инфрақұрылым дамуының негізі», – деді Екатерина Смолякова.

    Cонымен қатар, оның сөзінше, мемлекеттің басты міндеті — осы өсімді қолдау, экологиялық тұрғыдан тұрақты туризм мен заманауи инфрақұрылымды дамыту арқылы әр өңірдің әлеуетін толық ашу.

    Spread the love