• kz
  • ru
  • en
  • Қытай инвесторы Астана мен Шымкентте қалдықтарды энергияға айналдыратын зауыт салады

    Жаңа зауыттар 200 тұрақты жұмыс орнын ашып, тәулігіне 2,5 мың тонна қалдық өңдейді, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd» ЖШС және «East Hope» ЖШС қалдықтарды энергияға айналдыра отырып кәдеге жарату зауыттарын салу бойынша Астана және Шымкент қалаларында инвестициялық келісімдерге қол қойды.

    Астана қаласында тәулігіне 1,5 мың тонна тұрмыстық қалдықты (жылына шамамен 550 мың тонна) өңдеу қуаттылығына ие зауыт салу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 94,4 млрд теңге (шамамен 180 млн АҚШ доллар).

    Шымкент қаласында тәулігіне мың тонна (жылына шамамен 360 мың тонна) қалдық өңдейтін кәсіпорын салынады. Инвестиция көлемі – 53,9 млрд теңге (шамамен 100 млн доллар).

    Жобаларды іске асыру барысында 550-ден астам уақытша жұмыс орны, сондай-ақ шамамен 200 тұрақты жұмыс орны ашылады.

    Аталған нысандардың іске қосылуы полигондарға шығарылатын қалдықтардың көлемін айтарлықтай азайтуға және экологиялық таза электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

    Айта кету керек, бұған дейін Алматы қаласы бойынша қытайлық инвестордың қатысуымен ұқсас инвестициялық келісім жасалған болатын.

    Spread the love