Астанада «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы белсенді жұмыс істеп келеді. Бұл сервис арқылы елорда тұрғындары қалалық ортаны абаттандыруға қатысты өз өтініштерін жолдай алады. Платформа қала тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті, деп хабарлайды infotabigat.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Қала тұрғындары мәселелерді тікелей хабарлады. Олар платформаның көмегімен аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, аумақтарды көгалдандыру және қалалық инфрақұрылымға қатысты өзге де өзекті мәселелер бойынша өтінім қалдыру мүмкіндігіне ие болды.
Өтінімдердің басым бөлігі орындалды. Әкімдіктің мәліметінше, платформаның жұмыс істей бастағанынан бері 3669 өтінім түскен. Оның 3305-і орындалған, тағы 3 өтінім орындалып жатса, қалғандары қаралып жатыр.

