• kz
  • ru
  • en
  • Жетісу облысында қамыс арасынан жаралы аққу құтқарылды

    Алакөл ауданындағы Ақши ауылының маңында ТЖМ құтқарушылары Алакөл көлінде алдын алу шараларын жүргізіп жүріп, қамыс арасынан жарақат алған аққуды байқайды. Құтқарушылар құсты далада қалдырмай, абайлап алып шығып, жылытып, тамақ берді, деп хабарлайды infotabigat.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналына сілтеме жасап.

    Кейін құтқарушылар оны Үшарал қаласындағы ветеринарларға жеткізді.

    Тексеру кезінде аққудың сол жақ қанаты сынғаны белгілі болды. Құтқарушылардың көмегін сезгендей, аққу қанаттарын жайлап қимылдатып, тыныш күйде болды, – делінген министрлік хабарламасында.

    Ведомство атап өткендей, бұл оқиға әрбір тіршілік иесінің өмірі қымбат екенін, тіпті әлсіз әрі жарақат алған құсқа да көмек көрсету маңызды екенін көрсетеді.

    Spread the love