• kz
  • ru
  • en
  • Қарқаралы ұлттық паркінде жабайы маралдар саны артты

    Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде маралдарды табиғи ортаға қайта жерсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды infotabigat.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

    Аталған жоба 2022–2032 жылдарға арналған және жабайы жануарлар санын көбейтуге, сондай-ақ олардың табиғи мекенін қалпына келтіруге бағытталған

    Жылдық жоспарға сәйкес, жартылай еркін жағдайда бағып-күтілген маралдар кезең-кезеңімен табиғи ортаға бейімделіп келеді. Бұл әдіс жануарлардың табиғат жағдайына үйренуіне, қорек табу қабілетін арттыруына және еркін өмірге бейімделуіне мүмкіндік береді. Осы жоспар аясында жартылай еркіндікте ұсталған 4 бас марал толықтай еркіндікке шығарылды, – делінген комитет таратқан ақпаратта.

    Маралдар Кент орманшылығының арнайы белгіленген аумағына жіберіліп, олардың жүріс-тұрысы мен табиғи ортаға бейімделуі мамандардың тұрақты бақылауына алынды. Қажет болған жағдайда ғылыми қызметкерлер тарапынан қосымша шаралар қабылданатын болады.

    Бұл іс-шара биоалуантүрлілікті сақтау, экожүйенің табиғи тепе-теңдігін қалпына келтіру және болашақта маралдар популяциясын тұрақты дамыту мақсатында жүзеге асырылып отыр.

    Spread the love