• kz
  • ru
  • en
  • Балқаш 6 шақырым заңсыз балық аулау торынан тазартылды

    Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығының Балқаш қаласы бойынша жедел тобы егерьлермен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, Балқаш көліндегі Бертіс шығанағында кезекті рейд өткізді, деп хабарлайды infotabigat.kz Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.

    Рейд барысында су айдынын тексеру кезінде заңсыз орнатылған браконьерлік балық аулау торлары анықталып, толықтай алынды. Нәтижесінде көл акваториясынан жалпы ұзындығы шамамен 6 шақырымды құрайтын балық аулау торлары шығарылды.

    Мамандардың айтуынша, бұл торлар су биологиялық ресурстарына елеулі зиян келтіріп, көлдің экожүйесіне қауіп төндірген.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар балық қорын сақтау, табиғи ортаны қорғау және заңсыз балық аулаудың алдын алуға бағытталған.

    Балқаш көлінде браконьерлікке қарсы күрес және заңсыз кәсіпті анықтау мен жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

    Spread the love