• kz
  • ru
  • en
  • Астанада Үндістанның 77-ші Республика күні атап өтілді

    Үндістан Республикасының 77-ші Республика күнін атап өту мақсатында Үндістанның Астанадағы елшілігі Ұлттық күнге арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Шараға 350-ден астам қонақ қатысты, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Қазақстан үкіметі атынан сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мырза қатысты. Сонымен қатар, сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, сауда вице-министрі Айдар Әбілдабеков, Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Үндістан диаспорасының мүшелері және Үндістанның қазақ достары қатысты.

    Үндістанның Қазақстандағы елшісі Я.К. Сайлас Тангал Үндістан демократиясының жарқын ерекшеліктеріне, оның ішінде әлемдегі ең ұзақ жазылған Үндістан Конституциясына және Vasudhaiva Kutumbakam («Бүкіл әлем бір отбасы») қағидатына тоқталды. Сондай-ақ, ол Үндістан мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда саласындағы ынтымақтастықтың маңызын және оны одан әрі дамыту әлеуетін атап өтті.

    Сондай-ақ ортақ өркениеттік байланыстар мен өзара құрметке негізделген Үндістан мен Қазақстан арасындағы берік достық пен көпқырлы стратегиялық серіктестікті атап өтудеміз. Жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар екіжақты қатынастарымызға елеулі серпін берді. Үндістан мен Қазақстан ШЫҰ, БРИКС, АӨСШК, БҰҰ және «Үндістан – Орталық Азия» диалогы секілді көпжақты алаңдарда тығыз ынтымақтастықта. Аталған диалогтың төртінші отырысы 2025 жылғы маусым айында Нью-Делиде табысты өтті. Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет қана емес, сонымен қатар Үндістанның осы өңірдегі ең ірі сауда серіктесі. Екіжақты сауда көлемі шамамен 1 миллиард долларын құрайды, бұл қолда бар әлеуеттен едәуір төмен, әрі одан әрі өсудің мүмкіндіктері айтарлықтай. Ақпараттық технологиялар мен финтех, жасанды интеллект, аса маңызды пайдалы қазбалар, фармацевтика мен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өңдеу, тоқыма, құрылыс, энергетика, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ логистика салаларында өзара толықтырушылықтың зор әлеуетін көріп отырмыз. Осы өсімді қолдау мақсатында тараптар жерүсті және әуе қатынасын жақсарту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде, – деді елші.

    Құрметті қонақ өз кезегінде ұйымдастырушыларды мерекемен құттықтап, Үндістан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың тарихи тамыры терең екендігін атап өтті. Астанадағы Swami Vivekananda Мәдени орталығының директоры мен әртістері дайындаған «Ванде Матарам» атты мәдени бағдарлама көрермендерді әсерлі әрі көркем қойылымымен тәнті етті.

    Туризм, соның ішінде медициналық және сауықтыру туризмі, ынтымақтастықтың тағы бір перспективалы бағытына айналуда. 2025 жылы Қазақстанға келген үнді туристерінің саны 250 мың адамға жетті деп күтілуде. Осы орайда екіжақты туризмді ынталандыру мақсатында Үндістан Үкіметі Қазақстан азаматтарына туристік және медициналық мақсаттармен, сондай-ақ ілесіп жүретін тұлғалар үшін 30 күнге дейінгі мерзімге тегін виза беру туралы шешім қабылдағанын қуана хабарлаймын. Бұл мүмкіндік онлайн өтініш беру арқылы да, сондай-ақ Елшілікке тікелей жүгіну арқылы да қолжетімді болады, – деп қосты дипломат.

    Биылғы мереке аясында Үндістанның Шай кеңесі мен Кофе кеңесінің қолдауымен үнді шайы мен кофесін ілгерілетуге арналған қатарлас іс-шара ұйымдастырылды. Осы мақсатта Елшілік Үндістаннан арнайы Астанаға келген екі шай сомельесінің сапарын ұйымдастырды.

    Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық – серіктестігіміздің тағы бір маңызды тірегі болып табылады және бірлескен бітімгершілік миссиялар, даярлық бағдарламалары, бірлескен оқу-жаттығулар, әскери-спорттық іс-шаралар, ақпарат алмасу және жоғары деңгейдегі тұрақты сапарлар арқылы мазмұны мен стратегиялық маңызы жағынан тереңдей түсуде. Бүгінгі кеште Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кәсіби әскери оркестрін қарсы алу біз үшін айрықша мәртебе болды. Олар біздің мемлекеттеріміздің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Осы игі бастама үшін командалық құрамға шынайы алғысымды білдіремін, – деп түйіндеді елші.

    Іс-шара барысында ұтыс ойындары өткізіліп, жүлделер Air Astana, Indigo Airlines, Imperial Tailoring (Астана), Zhania Medical ЖШС (Нью-Дели) және India Gate мейрамханасының демеушілігімен табысталды.

    Spread the love