Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген қарақұйрықтар үлкен топ болып көрінді, деп хабарлайды infotabigat.kz парктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2026 жылғы 21 қаңтарда аумақты бақылау кезінде инспекторлар олардың өте көп жиналғанын байқаған.
Айта кету керек, ұлттық парк 2004 жылы құрылған кезде қарақұйрық саны бар болғаны 78 ғана болған.
Қазір олардың саны шамамен 10 есе көбейген.
Бұл табиғатты қорғау жұмыстарының дұрыс әрі тұрақты жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

