Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірде туризмді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды infotabigat.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысына келетін туристер саны жыл сайын артып келе жатқанын айтты.

Деректер бойынша 2025 жылы өңірге 500 мыңнан астам турист барды, көрсетілген қызметтер көлемі 17 млрд теңгеден асты, өсім 13%-ға артты. Мемлекет басшысының халықаралық әуе қатынасын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылы Ақтау – Дубай және Ақтау – Нүкіс 2 халықаралық рейсі іске қосылды. Бүгінгі таңда Ақтау қаласының әуежайы 16 халықаралық бағыт бойынша жұмыс істейді, – делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде 10% көлемінде жалпы сомасы 269,5 млн теңгеге 2 жоба субсидияланған.
2025 жылы жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба аяқталды, 110 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ Ақтау қаласының Бас жоспарын өзектендіру жұмыстары аяқталды.

