• kz
  • ru
  • en
  • «Қытайлық» торлар – су экожүйесіне төнген жасырын қауіп

    Соңғы уақытта қоғамда су айдындарында рейдтік іс-шаралардың не себепті жүргізілетіні жөнінде сұрақтар жиі қойылып жүр. Осы мәселеге қатысты Абай облысы Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Олардың сөзінше, алдын алу және бақылау шаралары заңды балық аулауға қарсы бағытталмаған, олардың мақсаты — браконьерліктің және қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіретін тыйым салынған ау құралдарын пайдаланудың жолын кесу.

    Синтетикалық балық аулау торлары, соның ішінде браконьерлер заңсыз қолданатын «қытайлық» торлар экожүйеге үлкен қауіп төндіреді. Балық ауланғаннан кейін мұндай торлар құқыққа қайшы әрекеттердің ізін жасыру мақсатында су айдындарында әдейі қалдырылатын жағдайлар жиі кездеседі, – дейді тәртіп сақшылары.

    Мұндай торлардың экологиялық қауіптілігі мынада:

    • синтетикалық материал ондаған, кейде жүздеген жыл бойы ыдырамайды;
    • тасталған торлар су түбіне шөгіп, бақылаусыз түрде балықты, шабақтарды, су құстарын және су айдындарының өзге де тіршілік иелерін жоя береді;
    • жылдар бойы биологиялық ресурстарға зиян келтіретін «елес-торлар» қалыптасады;
    • табиғи тепе-теңдік бұзылады, балық популяциясы азаяды, су айдындары өзін-өзі қалпына келтіру қабілетін жоғалтады.


    Заңсыз орнатылған бір ғана тор жиынтығы су биоресурстарының жаппай қырылуына әкеліп, экожүйеге ұзақ мерзімді, ал кейде қайтымсыз зиян келтіруі мүмкін.

    Осыған байланысты рейдтік іс-шаралар тек табиғатты қорғау, су ресурстарын сақтау және экологиялық қылмыстардың алдын алу мақсатында жүргізіледі. Белгіленген ережелерді сақтайтын және рұқсат етілген құралдарды қолданатын заңға бағынатын балықшылар мұндай тексерулердің нысанасы болмайды.

    Полиция департаменті азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға, табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және су айдындарын сақтау — болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының кепілі екенін ұмытпауға шақырады.

    Spread the love