• kz
  • ru
  • en
  • ШҚО-да зайсандықтар экологиялық акциялар өткізіп, аумақты қоқыстан тазартты

    Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының тұрғындары елді мекендердің аумағын қоқыстан тазалау бойынша экологиялық акциялар өткізді, деп хабарлайды infotabigat.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Игі іс-шара республикалық референдум мен Наурыз мерекесінің қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция туған өлкені таза ұстауға үлес қана емес, жаңа Конституцияны қолдаудың символы, көктемгі Наурыз мерекесіне дайындықтың бір бөлігі болды.

    Экологиялық акция аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

     

    Spread the love