• kz
  • ru
  • en
  • Ақтөбеде Қызыл кітапқа енгізілген киікті заңсыз аулағандар жауапқа тартылмақ

    Ақтөбе облысының Байғанин ауданында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында браконьерлік әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды infotabigat.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Тәртіп сақшылары дала аймағында күмән тудырған УАЗ автокөлігін байқап, қысқа уақыт қудалаудан кейін көлікті тоқтатты.

    Көлікті тексеру кезінде жүк бөлігінен мотоцикл және 14 киіктің (ақбөкеннің) ұшасы табылды. Кейін тексеру барысында автокөлікте отырған Атырау облысының үш тұрғынынан 12 калибрлі аңшы мылтығы, рация, дүрбі және пышақтар тәркіленді.

    Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – делінген хабарламада.

    Полиция киік Қызыл кітапқа енгізілген сирек әрі жойылып кету қаупі бар жануар екенін еске салады. Оны заңсыз аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

    Spread the love