• kz
  • ru
  • en
  • Қоршаған ортаны қорғау нормалары Ата заң деңгейінде бекітілді

    Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру аясында қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау нормалары Ата заң деңгейінде бекітілді, деп хабарлайды infotabigat.kz  Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қоршаған ортаны қорғау нормалары жаңа Конституцияда бекітілгенін және экологиялық жауапкершілік негізгі конституциялық қағидатқа айналытынын атап өтті.

    Қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау нормалары Ата заң деңгейінде бекітілді. Оларды іске асыру Президентіміздің экологиялық ахуалды жақсартып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздейтін «Таза Қазақстан» бастамасын қолдауға бағытталған. Бұл орайда экологиялық жауапкершілік нақты құқықтық міндеттемелермен бірге негізгі конституциялық қағидатқа айналады. Экология министрлігі 1 сәуірге дейін Экологиялық кодекске тиісті түзетулерді Парламентке енгізсін, — деп атап өтті Премьер-министр.

    Spread the love