• kz
  • ru
  • en
  • Астана мен Түркістан – туристер ең көп баратын өңірлер қатарында

    2025 жылы Қазақстанда туристік сапарлар саны 11,7 млн-ға жетті, деп хабарлайды infotabigat.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    2025 жылы туристік сапарлар саны 11 771,4 мыңды құрады, оның ішінде республика шегінде 10 265,5 мың (87,2%), республикадан тыс жерлерге – 1 505,9 мың (12,8%) сапар.

    Сапарлардың негізгі үлесі жеке мақсаттар бойынша болған – 11 076,2 мың адам немесе сапарлардың жалпы санының 94,1%, іскерлік және кәсіби мақсатта – 695,2 мың адам (5,9%).

    Барушылары ең көп болған өңірлер қатарында Астана қаласы (10,1%), Түркістан облысы (10%) сондай-ақ Алматы қаласы (9,9%), Алматы (7,9%) және Қарағанды (7,4%) облыстары бар.

    Қазақстан бойынша сапарлау кезінде туристердің көпшілігі туыстары немесе таныстарына (60,8%) баруды жөн көрген. Қонақ үйлерде (14,2%), жалдамалы тұрғын үйлерде (11,5%) және санаторилерде (3,6%) тоқатағандардың үлесі айтарлықтай аз.

    Пайдаланылған көлік түріне қарай алып қарасақ, ел ішінде сапарлағандар жеке меншік автокөлігін (36,1%) және теміржол көлігін (26,4%), ал сырт елге барушылар – әуе көлігін (55,7%) таңдаған.

    2025 жылы туристік сапарға шыққандардың ақшалай шығыстары 1 134,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде ел ішінде сапарлағандардікі – 659,2 млрд теңге (58,1%).

    Қазақстан шегінде туристік сапарға шыққандардың негізгі шығыстары тауарларды сатып алу (25,7%), көлік қызметтері (25,5%), тамақтану (20,8%) және орналастыру орындарында тұру (12,2%) қызметтеріне кеткен.

    Spread the love