Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып, өңірдегі қоғамдық тәртіп пен экологиялық тазалықты сақтау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды infotabigat.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шаралар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, қалалар мен елді мекендерді көркейтуге, сондай-ақ жасыл желектер мен инфрақұрылымдық нысандарды қорғауға бағытталған.
Акцияның негізгі мақсаттары:
- Қалалар мен елді мекендердің абаттандыру қағидаларын сақтау
- Инфрақұрылымдық нысандарды қорғау
- Жасыл желектер мен саябақтарды сақтау
- Тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Жыл басынан бері Абай облысында қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылымдық объектілерді бүлдіру және жасыл екпелерді жою бойынша жалпы 4818 құқық бұзушылық фактісінің жолы кесілді. Құқық бұзушылықтардың бір бөлігі Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы анықталып, құқық қорғау органдары тарапынан жедел шаралар қабылданды, – делінген хабарламада.
Экологиялық тәртіп – әр азаматтың жауапкершілігінде «Тазалық – тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес, әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Қарапайым ережелерді сақтамау көбінесе құқық бұзушылықтарға әкеледі. Әрбір адам өз ауласынан бастап тазалықты сақтаса, өңіріміз әлдеқайда көркейеді»
«Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығы:
- Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру
- Қоршаған ортаны қорғау Қалалық және ауылдық аумақтарды абаттандыруға үлес қосу
Абай облысының әрбір тұрғыны тазалыққа үлес қосса, табиғатымыз бен қалаларымыз көркейіп, экологиялық тәртіп пен жайлы орта қалыптасады. Бұл акция – тек құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, қоғамның санасын өзгертіп, келешек үшін таза және көрікті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

