2025 жылы Қазақстанда жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% өсіп, 4,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды infotabigat.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұрыпталған қалдықтар көлемі 1,5 млн тоннаға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 16,3% артты.
Сұрыпталған қалдықтар құрылымында макулатура мен картонның үлесі 9,4%, пластиктің үлесі 9% болды.
Өңірлер бөлінісінде сұрыпталған қалдықтар көлемі бойынша көшбасшылықты Алматы қаласы сақтап отыр – 409,3 мың тонна. Көшбасшылар қатарында Астана қаласы – 377 мың тонна және Қарағанды облысы – 243,9 мың тонна бар.
2025 жылдың қорытындысы бойынша елде коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдаумен айналысатын 846 кәсіпорын, сондай-ақ оларды сұрыптау, кәдеге жарату және көму жұмыстарын жүзеге асыратын 278 ұйым жұмыс істейді, – делінген хабарламада.

