• kz
  • ru
  • en
  • ШҚО-да таңқурай отырғызу жобасы жүзеге асырылды

    Манат ауылында ауыл тұрғындары үшін таңқурай алқабын отырғызу жобасы сәтті іске асырылды. Іс-шара аясында таңқурай көшеттері егіліп, жобаны алдағы уақытта кеңейту мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды infotabigat.kz ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Аталған жоба ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен қолға алынып, ауылдарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындар үшін тұрақты табыс көздін қалыптастыруға бағытталды.

    Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауыл тұрғындары мен жастар белсенді қатысты.

    Сонымен қатар жастардың ауылға оралуына және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды.

    Spread the love