«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жағдай «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-нің Аттапқан шатқалында орналасқан ұзақ мерзімді серіктестік аумағы — «Табиғат ОРХ» ЖШС аумағында тіркелді.
Тянь-Шань қоңыр аюы адамға сирек шабуыл жасайтын аңдардың қатарына жатады. Алдын ала мәлімет бойынша, аю аталған аумаққа тағам иісіне байланысты келген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Жабайы жануарларды көрген жағдайда оларды тамақтандырмаңыздар. Сондай-ақ, парк аумағында тамақ қалдықтарын қалдырмаңыздар. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз! – деп ескертті мамандар.

