• kz
  • ru
  • en
  • Ресейден алғашқы жолбарыстар Қазақстанға жеткізілді

    Қазақстан жолбарысты оның тарихи таралу аймағына қайтару бағдарламасының негізгі кезеңін бастады: «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Ресей Федерациясынан әкелінген төрт амур жолбарысы – екі ересек дарақ және жолбарыстың екі төлі жеткізілді, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жануарлар Хабаровск өлкесінің жабайы табиғатынан ұсталып, Орталық Азияда ірі жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шеңберінде берілді.

    Қайта жерсіндіру бағдарламасы жолбарысты 70 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен өңірге қайтаруға бағытталған.

    Қазақстан оны практикалық іске асыруға 2010 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен жолбарысты сақтау жөніндегі форумда қол жеткізілген халықаралық уағдаластықтардан кейін кірісті. Аталған форумда жолбарыс таралған елдер жабайы табиғаттағы жолбарыстардың санын қалпына келтіру ниетін растады, ал Қазақстан тиісті жобаны іске асыруға дайын екенін мәлімдеді.

    Spread the love