• kz
  • ru
  • en
  • Қарағанды облысында шамамен 3 мың килограмм орман тұқымы дайындалды

    Қарағанды облысында орман тұқымдарын жинау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды infotabigat.kz Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ормандарды қалпына келтіру және орман өсіру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, биыл өңірде жөке, үйеңкі, қараған және қарақат тұқымдарының 3500 килограмын дайындау көзделген.

    Қазіргі уақытта өңірде жөке ағашының тұқымдарын жинау науқаны жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 2850 килограмм тұқым жиналған. Негізгі көлемді Қарағанды, Ақтоғай және Қу орман шаруашылықтары қамтамасыз етті.

    Тазартылып, өнімділігі тексерілгеннен кейін тұқымдар Қарағанды орман шаруашылығының тәлімбағында егіледі. Олардың негізінде болашақ орман алқаптарына арналған көшет материалы өсіріледі.

    Бұл жұмыс Мемлекет басшысының ел аумағында 2 миллиард ағаш егу жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

    Spread the love