• kz
  • ru
  • en
  • «Алтын Дала» резерватында керқұландар табиғатқа жіберілді

    25 мамырда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Керқұландар (кертағы) бір тобы табиғатқа жіберілді, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Аталығы Галван Прага қаласынан, ал төрт аналығы Венгриядағы Хортобадь ұлттық паркінен жеткізілген болатын.

    Бір жыл бойы жануарлар мамандар мен ветеринарлардың бақылауымен бейімделу кезеңінен өтті.

    Табиғатқа жіберер алдында Галванға GPS-қарғыбауы тағылып, үйірдің қозғалысын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

    Қазіргі уақытта жылқылар жаңа жайылымдар мен суаттарды игеріп, табиғи ортаға сәтті бейімделіп жатыр.

    Spread the love