• kz
  • ru
  • en
  • «Медеу» биік таулы спорт кешенінің автотұрағы уақытша жабылады

    «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жобасын іске асыру аясында биылғы жылдың 16 маусымынан желтоқсан айына дейін кешенге жақын орналасқан автотұраққа кіру уақытша шектеледі, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Алматы қаласының Құрылыс басқармасының мәліметінше, шектеу құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне және нысан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты енгізіліп отыр.

    Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.

     

    Spread the love