• kz
  • ru
  • en
  • Бір тонна макулатура – 17 ағаштың өмірін сақтайды

    Бір тонна макулатураны қайта өңдеу шамамен 17 ағашты сақтап қалуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қағазды қайта өңдеу – табиғи ресурстарды үнемдеудің және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтудың тиімді жолдарының бірі.

    Макулатураны қайта өңдеу арқылы ағаштарды кесуді азайтып қана қоймай, су мен электр энергиясын үнемдеуге, сондай-ақ қалдықтар көлемін қысқартуға болады.

    Әрбір жиналған қағаз бен картон табиғатты қорғауға қосылған үлес. Қажетсіз қағаздарды қоқысқа тастамай, қайта өңдеуге өткізу арқылы қоршаған ортаны сақтауға бірге атсалысайық!, – дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

    Spread the love