• kz
  • ru
  • en
  • «Таза Қазақстан»: Павлодар облысында «Эко-movie» экологиялық танымдық іс-шарасы өтті

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Павлодар облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының штабы КеАҚ «Торайғыров университетінде» экологиялық танымдық іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды infotabigat.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Іс-шараға Павлодар қаласындағы колледж студенттері, орталық педагогтері және «Жасыл Ел» еріктілері қатысты. Шараның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, экологиялық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ белгілі фильмдер мен мультфильмдердің сюжеттерін экологиялық еріктілік, тұрақты даму және қоршаған ортаға ұқыпты қарау идеялары арқылы жаңаша түсіндіруге негізделген интерактивті шығармашылық формат арқылы экологиялық сананы арттыру.

    Іс-шара барысында қатысушылар 3 негізгі кезеңнен өтті:

    1. «Кадрды және оның экологиялық мағынасын тап». Қатысушылар кадрдың қай мультфильмнен алынғанын және ондағы экологиялық мәнді анықтады.

    2. «Сөзді тап». Төрт суретті біріктіретін жасырын сөзді табу тапсырмасы орындалды. Ойын үш деңгейлі күрделілік бойынша өткізілді.

    3. «10 айырмашылықты тап». Командаларға суреттер таратылып, олар уақытқа және дұрыстығына қарай 10 айырмашылықты анықтады.
    Іс-шараға жалпы 30 адам қатысты.

    Толық ақпаратты @jasylel_pvl әлеуметтік желідегі парақшаларынан немесе Павлодар облыстық «Жасыл Ел» штабының менеджері Түсіпбекова Айгерімнің 8 705 706 02 19 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

    Spread the love