2026 жылғы 3 қаңтар мен 30 маусым аралығында «Eco Almaty» ЖШС мамандары Алматыдағы автобус парктерін қайта тексерді, деп хабарлайды infotabigat.kz.
Есепте тұрған 2 525 автобустың 1 407-сі тексерілді. Мониторинг қорытындысы бойынша 596 автобуста пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтін шығару деңгейі белгіленген нормадан асқаны анықталды. Оның ішінде 150 автобус дизельді, ал 446 автобус газ қозғалтқышымен жабдықталған, – делінген хабарламада.
«Eco Almaty» ЖШС мамандарының айтуынша, тексерулер атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – қоғамдық көліктерден бөлінетін зиянды заттардың көлемін азайту.

