Астана әкімдігі мен қалалық Полиция департаменті құрылыс нысандарында құрылыс қалдықтарын басқару қағидаларының сақталуын тексеру мақсатында рейдтік іс-шараларды бастады, деп хабарлайды infotabigat.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана әкімдігі қалалық Полиция департаментімен бірлесіп, құрылыс нысандарында құрылыс қалдықтарын тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында рейдтер жүргізіп жатыр.
Рейдтердің негізгі мақсаты – құрылыс және демонтаж жұмыстары кезінде пайда болатын қоқыстардың белгіленген тәртіппен арнайы орындарға шығарылуын бақылау және олардың рұқсат етілмеген орындарға төгілуіне жол бермеу. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылады, – делінген хабарламада.
Бұл бағыттағы бақылау жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.

