• kz
  • ru
  • en
  • «Көкшетау» ұлттық паркі: табиғат пен тарих тоғысқан мекен

    «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан және Зеренді, Шалқар, Имантау, Айыртау табиғат аймақтарының таулы-орманды ландшафтары мен Зеренді, Шалқар, Имантау, Саумалкөл көлді акваториясын қамтиды, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Солтүстік Қазақстанның таулы-орманды және көлдердің экожүйелерін, тарихи, археологиялық және ұлттық мәдени ескерткіштерін сақтау мақсатында 1996 жылы сәуір айында құрылған. Парк негізінен Көкшетау қаласынан 60 км оңтүстік-батысқа қарай 182076 гектардан астам аумақпен, Зеренді, Шалқар, Имантау, Айыртау аймақтарының таулы-орманды алқаптары мен көлдер айдынын қамтиды.

    «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи негізгі міндеттері:

    – өлшемдік және таңғажайып табиғат кешендері мен мәдени мұралар бірлігін сақтау;

    –  ғылыми әдістер мен негіздерді енгізу;

    – бүлінген табиғат және тарихи-мәдени кешендер, объектерді қалпына келтіру халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру;

    – экологиялық мониторинг жүргізу;

    Мұнда табиғат кешендерінің бірлігі, сирек және құрып бара жатқан ағзалар түрлері, табиғаттың қайталанбас бітімі, өсімдіктер және жануарлар дүниесінің ресурстары сақталады.

    Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі бай және алуан түрлі. Ормандарда сілеусін, бұландар, бұғылар, қабандар, түлкі, қоян, қарсақ және басқа да жануарлар түрі мекендейді. Көлдер бағалы тұқымдарға жататын көкшұбар, ақсаха балықтары сияқты өзге де балықтарға бай.

    Шоқан Уәлиханов мұражайы, «Қарасай батыр» мемориалдық кешені, Қарсақ ежелгі қорымы, Ботай археологиялық ескерткішіне сапар шегіп, ұмытылмастай әсер аласыз.

    «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағында Республикалық маңызды 13 табиғат ескерткіштері бар. Оларға туристік маршруттар жасалынған. Бұлар жергілікті халық пен туристердің сүйікті жерлері.

    Spread the love