Алматы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді. Бұл туралы infotabigat.kz Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.
Mastercard Tourism Insights және D/AI Destinations халықаралық талдау платформаларының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға ұшақ билеттерін іздеу сұраныстары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71%-ға өскен.
Әсіресе, Қытай (+166%), АҚШ (+93%), Ұлыбритания (+85%) және Оңтүстік Корея (+75%) елдерінен қызығушылық көптеп тіркелген.
Цифрлық пікірлерді талдау қорытындысы бойынша Алматыға сапарға шыққан туристердің жалпы қанағаттану индексі 82,6 балл.
Басқарма мәліметінше, қаладағы көрікті орындар, қонақүйлер, мейрамханалар және қысқа мерзімге жалға берілетін орналастыру нысандары ең жоғары бағаланған.

