Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізіледі, деп хабарлайды infotabigat.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері санитарлық талаптарды бұзған және қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттер жасаған азаматтарға қатысты заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 4 989 әкімшілік хаттама толтырылып, 147,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның 95,6 млн теңгесі өндірілді. Сондай-ақ 505-бап бойынша 6 453 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 33,7 млн теңге айыппұл салынды. Оның 26,3 млн теңгесі өндірілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің аппарат отырысында баяндалды.
Сонымен қатар демалыс орындарын және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын күтіп-ұстау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуына ерекше назар аударуды тапсырды.
Аппарат мәжілісінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Оның мәлімдеуінше, «Таза Қазақстан» (@TazaQazBot) Telegram чат-боты арқылы келіп түскен өтініштер саны 1 736-ға жетіп, олар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.


