• kz
  • ru
  • en
  • Бір көл. Екі түрлі су. Табиғаттың таңғажайып құпиясы

    Бір көлдің батыс жағында тұщы су, ал шығыс жағында тұзды су болуы мүмкін бе? Иә. Бұл – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы бірегей Балқаш көлі, хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Табиғаттың осындай ерекше құбылысын қорғап, оның байлығын сақтап отырған мекеме – «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты.

    2018 жылы құрылған резерват Іле өзенінің сағасын, тоғайлы ормандарды, сулы-батпақты алқаптар мен шөлейтті табиғи кешендерді қорғайды.

    Бұл өңір – жүздеген жануарлар мен құстардың мекені. Мұнда Қызыл кітапқа енген сирек түрлер мекендейді, ал өсімдіктер әлемі өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

    Іле-Балқаш өңірінің тағы бір тарихи ерекшелігі – бұл жер бір кездері Тұран жолбарысының табиғи мекені болған. Бүгінде дәл осы аумақта жолбарысты тарихи мекеніне қайта жерсіндіру бағытындағы ауқымды халықаралық жоба жүзеге асырылуда.

    Табиғатты қорғау – тек бүгінгі күннің міндеті емес. Бұл – келер ұрпаққа қалдырар ең үлкен аманат.

    Spread the love