Орталық Азия климаттық қорының (CACF) Оқу орталығы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығымен (ҚОААО) бірлесіп «Қазақстан кәсіпорындарының ресми экологиялық деректер негізіндегі ESG-бағалауы» атты бір күндік практикалық оқыту курсын өткізеді, деп хабарлайды infotabigat.kz.
Курстың авторы әрі спикері – Орталық Азия климаттық қорының бас атқарушы директоры Ерлік Қаражан.
Оқу барысында қатысушылар:
– ESG саласындағы халықаралық стандарттармен және олардың Қазақстандағы қолданылу ерекшеліктерімен танысады;
– шығарындылар, төгінділер және қалдықтар туралы ресми деректерді талдауды үйренеді;
– кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштерін салыстыру құралдарын меңгереді.
Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға әдістемелік материалдар ұсынылып, ESG стандарттарын енгізу саласындағы біліктілігін арттырғанын растайтын сертификаттар табысталады.
ESG – компаниялардың қоршаған ортаға әсерін, әлеуметтік жауапкершілігін және корпоративтік басқару сапасын ескеретін бизнес жүргізу қағидаттарының жиынтығы. Бұл қысқартудың толық атауы – Environmental, Social, Governance (экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару).
Практикалық курс 2026 жылғы 25 тамызда Астана қаласында офлайн форматта өтеді. Орын саны шектеулі.
Тіркелу және толық ақпарат:
📞 +7 775 882 61 45
📞 +7 (7172) 24-96-18

