• kz
  • ru
  • en
  • Efes Kazakhstan: тұрақты өсудің сенімді бағыты

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Efes Kazakhstan бизнесті дамыту, өндірістік инновациялар және табиғи ресурстарды жауапты пайдалану қағидаттарын үйлестіре отырып, тұрақты өсім стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асыруды жалғастырды. Компания AC Nielsen және Datum деректеріне сәйкес Қазақстанның сыра нарығындағы көшбасшылық позициясын сақтап, өндірістік қуаттарын кеңейтіп, брендтер портфелін толықтырумен қатар, бизнес пен қоғамның ұзақ мерзімді дамуына бағытталған жобаларға инвестиция салуды жалғастыруда, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Шілде айының басында Қазақстанда Efes Kazakhstan және CCI Kazakhstan компаниялары арқылы ұсынылған Anadolu Group директорлар кеңесінің төрағасы Камиль Языджы Астанада өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-отырысына қатысты.

    Іс-шара аясында ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Топтың Қазақстанға салған ұзақ мерзімді инвестицияларын, бизнесті одан әрі кеңейту жоспарларын және екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарыҰлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен кездесу өтіп, инвестициялық ахуал мен сусындар индустриясын реттеуге қатысты мәселелер қарастырылды.

    Брендтер мен өндірісті дамыту

    Биыл компанияның брендтер портфелі заманауи тұтынушылардың сұранысына сай жаңа өнімдермен толықты. Олардың қатарында Corona Zero, Miller Keg, Efes SunLight және HeyZee брендтері бар.

    Сонымен қатар Efes Kazakhstan өндірістік алаңдарын жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. Жыл басында компания Алматы облысының Береке ауылындағы зауытында жаңа құю желісінің ресми ашылу рәсімін өткізіп, бұл Қазақстандағы ұзақ мерзімді инвестициялық стратегияны іске асырудағы маңызды кезеңдердің біріне айналды.

    Германияда өндірілген жаңа желі қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған заманауи цифрлық шешімдер мен технологияларды біріктіреді. Ол халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес жобаланып, толықтай автоматтандырылған және заманауи бақылау мен техникалық қызмет көрсету модульдерімен жабдықталған. Бұл өндіріс тиімділігін арттырып қана қоймай, өнім сапасының тұрақтылығын және халықаралық талаптарға толық сәйкестігін қамтамасыз етеді.

    Жаңа желінің іске қосылуы өндірістік қуатты 25%-ға арттыруға және өндіріс форматтарын ауыстыру уақытын 30%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде компания нарық сұранысына бұрынғыдан да жедел әрі икемді жауап бере алады.

    Қалдықтарды жауапты басқару

    Қалдықтарды жүйелі басқару компанияның экологиялық саясатының маңызды бағыты болып қала береді. 2026 жылы Efes Kazakhstan өндірістік алаңдарында 200 тоннадан астам қалдық қайта өңдеуге жіберілді.

    Сонымен қатар Алматыдағы компания кеңсесінің аумағында қайталама шикізаттың бес түрін бөлек жинауға арналған корпоративтік сұрыптау станциясы жұмыс істейді. Оны компания қызметкерлерімен қатар, жақын маңдағы тұрғындар да пайдаланып, сұрыпталған қалдықтарды тұрақты түрде қайта өңдеуге өткізеді.

    Экологияны, өнерді, спортты және жергілікті қауымдастықтарды қолдау

    Компания Алматы қаласының Алатау ауданын көгалдандыру жобасын қатарынан екінші жыл жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде 60 қызметкер 120 ағаш отырғызуға қатысты. Әрбір көшетке қажетті күтімді қамтамасыз ету үшін жеке суару жүйесі орнатылды.

    Сонымен қатар компания Efes Art Space жобасын дамытуды жалғастырып келеді. Бес жылдан бері бұл жоба қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін бастамаларды қолдап, көрермендерді заманауи қазақстандық өнермен таныстырып келеді.

    2026 жылы Efes Kazakhstan Қазақстан Республикасы Баскетбол федерациясымен серіктестігін жалғастырып, ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты Ұлттық лигасының ресми титулдық демеушісі болды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына матчтарды ұйымдастыру стандарттарын жетілдіру, спорттық инфрақұрылымды дамыту, халықаралық мамандармен тәжірибе алмасу арқылы қазақстандық ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыру және баскетболды кеңінен насихаттау кіреді.

    Инновациялар және қызметкерлердің дамуы

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан, Грузия және Молдова қызметкерлерін жасанды интеллект технологиялары негізінде жаңа шешімдер әзірлеуге біріктіретін FutureBuilders: AI Era корпоративтік бағдарламасы одан әрі дамыды.

    Корпоративтік кәсіпкерліктің жарқын үлгілерінің бірі – Efes Kazakhstan компаниясының Intrapreneurship Hubбағдарламасы аясында әзірленген FeedCom жобасы.

    Жоба сыра өндірісі барысында пайда болатын пайдаланылған сыра ашытқыларын жоғары ақуызды мал азығына арналған жемдік қоспаларға қайта өңдеуді көздейді. Осылайша FeedCom коммерциялық тиімділікті циркулярлық экономика қағидаттарымен ұштастырып, инновациялар, корпоративтік кәсіпкерлік және қалдықтарды тұрақты басқару тәсілдері экологиялық әрі бизнес құндылықты қатар қалыптастыра алатынын көрсетеді.

    Алдағы жоспарлар

    Efes Kazakhstan өндірістік тиімділікті, инновацияларды, табиғи ресурстарды жауапты пайдалануды және қоғам мен бизнестің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған инвестицияларды үйлестіре отырып, тұрақты даму стратегиясын дәйекті түрде іске асыруды жалғастырады.

     

    Spread the love