• kz
  • ru
  • en
  • Абай облысында заңсыз балық аулауға арналған 2 мың метр ау тәркіленді

    Абай облысында браконьерлікке қарсы рейд барысында Шүлбі су қоймасынан 2 мың метр заңсыз балық аулау ауы алынды, деп хабарлайды infotabigat.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Абай облысында су биоресурстарын қорғауға және заңсыз балық аулаудың жолын кесуге бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр. Бородулиха аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шүлбі су қоймасының акваториясында патрульдеу жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында тәртіп сақшылары су айдынын мұқият тексеріп, белгіленбеген орындарға заңсыз орнатылған балық аулау құралдарын анықтады.

    Нәтижесінде жалпы ұзындығы 2 мың метрді құрайтын браконьерлік балық аулау ауы судан шығарылып, тәркіленді. Заңсыз құралдардың ішінде қалған балықтар да болған. Полиция қызметкерлері су жануарларына зиян келтірмеу мақсатында аулардағы тірі балықтарды босатып, қайтадан су айдынына жіберді. Тәркіленген браконьерлік ау белгіленген тәртіппен жойылды, – дейді тәртіп сақшылары.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай рейдтік шаралардың негізгі мақсаты – су айдындарындағы заңсыз балық аулау фактілерін анықтау және жолын кесу, браконьерлік әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ су биоресурстарын қорғау.

    Полиция қызметкерлері табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға жол бермеу бағытындағы бақылауды күшейтіп, су айдындарында тұрақты патрульдеу жұмыстарын жалғастыруда. Табиғи байлық – ортақ құндылық. Сондықтан су биоресурстарын сақтау және оларды заңсыз аулауға жол бермеу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің ортақ міндеті.

    Spread the love