• kz
  • ru
  • en
  • Астанада Enrique Iglesias концертінің соңы экологиялық акцияға ұласты

    Елордадағы «Астана Арена» стадионында Enrique Iglesias-тің концерті өтті. Әртістер өнер көрсетіп болған соң жас көрермендер стадион аумағында қалып, іс-шарадан кейінгі қоқысты жинауға көмектесті, деп хабарлайды infotabigat.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Олар концерттен кейін қалған қоқысты жинап, ірі мәдени іс-шаралар кезінде тазалықты сақтауға әр адамның үлес қоса алатынын көрсетті.

    Концерт бізге ерекше әсер сыйлады. Іс-шара аяқталған соң тазалық жұмыстарына қосылып, стадион аумағын ретке келтіруге көмектесуді жөн көрдік. Бұл көп уақытты қажет етпейді. Бірақ, осылайша, әрқайсымыз қалаға, қоршаған ортаға және осында еңбек етіп жүрген адамдарға деген құрметімізді көрсете аламыз, – деді көрерменнің бірі.

    Мұндай акциялар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, қаланың тазалығы әр адамнан басталатынын еске салады.

    Spread the love