• kz
  • ru
  • en
  • Шымкентте студенттер экологиялық тақырыпта пікір таластырды

    Шымкентте жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы бағытта М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Таза Қазақстан – жастар таңдауы» тақырыбында дебат сайысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды infotabigat.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Сайысқа оқу орнының «Шамшырақ» дебат клубының студенттері қатысып, қоршаған ортаны қорғау мәселесін талқылады.

    Қатысушылар екі топқа бөлініп, мектеп бағдарламасына экологиялық сабақ енгізу қажет пе? деген тақырыпта пікірталасты. Бір тарап бұл ұсынысты қолдаса, екінші топ экологиялық мәдениетті арнайы іс-шаралар арқылы қалыптастыру тиімді екенін алға тартты.

    Құқықтану мамандығының студенті Батырбек Ержанұлының айтуынша, көшеде тазалық сақтау, қоқыс тастамау және экологиялық іс-шараларға белсенді қатысу арқылы қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға болады.

    Дебат клубының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Ернар Мырзабайұлы клуб мүшелерінің қалалық және республикалық жарыстарда жүлделі орындар алып жүргенін атап өтті.

    Іс-шара студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.

    Spread the love