• kz
  • ru
  • en
  • Маңғыстауда экологиялық заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданды

    Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасымен қалдықтарды басқару саласында заң талаптарының сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Атап айтқанда, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының Баянды ауылы аумағында белгіленбеген орындарда тұрмыстық қалдықтардың едәуір көлемде жинақталуына жол берілген.

    Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласындағы арнайы полигонында қалдықтарды жинақтау жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу салдарынан 1500 ш.м. аумақта өрт жану дерегі орын алған.

    Орын алған деректер бойынша лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 344-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Spread the love