• kz
  • ru
  • en
  • Қазақстан пластик ластануына қарсы тиімді әрі теңгерімді халықаралық құжатты қолдайды

    2026 жылғы 27 қыркүйекте Таиланд Корольдігінің Бангкок қаласында пластиктен болатын ластануға қарсы күрес жөніндегі халықаралық заңды міндетті құжатты әзірлеу бойынша делегациялар басшыларының екінші бейресми кездесуі өтті, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Қазақстандық делегация вице-министр Ж. Әлиевтің басшылығымен 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасатын кездесуге қатысуда. Делегация құрамында сондай-ақ Коммуналдық қалдықтарды басқару басқармасының басшысы А. Базаралиева және «Жасыл даму» АҚ өкілдері – қоса атқарушылық негізде ко-фасилитатор қызметін атқаратын Д. Ажигалиева мен Р. Ускенбаев бар.

    Кездесу барысында қатысушылар болашақ халықаралық келісімнің негізгі мәселелерін талқылап, ұсынылған материалдар мен ұсыныстарды, оның ішінде мемлекеттердің болашақ халықаралық келісімнің негізгі мәселелері бойынша ұстанымдарын одан әрі жақындастыруға жәрдемдесу мақсатында әзірленген Үкіметаралық келіссөздер комитеті (ҮАК) Төрағасының құжатын қарастырады.

    Қазақстан тарапы алдағы талқылауларға белсенді қатысып, келіссөздер процесінің негізгі мәселелері бойынша өз ұстанымы мен ұсыныстарын таныстырады.

    Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер ұсынған ұстанымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, тәсілдерді одан әрі нақтылау және жаңартылған материалдарды әзірлеу жоспарлануда.

    Қазақстан пластиктен болатын ластануға қарсы күрес жөніндегі тиімді әрі теңгерімді халықаралық құжатты әзірлеу және келіссөздер процесіне сындарлы қатысуға дайын екенін растайды.

    Spread the love