• kz
  • ru
  • en
  • Миф пе, шындық па: Қоқыс орманда тезірек ыдырай ма

    Орманға тасталған қоқыс өздігінен тез жоғалып кетпейді, деп хабарлайды infotabigat.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Пластик, шыны және басқа да қалдықтар табиғатта ондаған жылдар бойы, кейде одан да ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Олар топырақ пен суға зиян келтіріп, қоршаған ортаны ластайды.

    Орман — қоқыс тастайтын орын емес, баршамызға ортақ табиғи байлық!

    Табиғат аясында демалғаннан кейін қоқысыңызды жинап, өзіңізбен бірге алып кетіңіз. Қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастаңыз. Табиғатты таза ұстау — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз! —  дейді министрлік өкілдері.

    Spread the love