• kz
  • ru
  • en
  • Атмосфералық ауа сынамасын қалай алады

    Атмосфералық ауаның сапасын бақылау — қоршаған ортаның жай-күйін бағалаудың маңызды бөлігі. Арнайы бақылау құралдарының көмегімен ауа құрамындағы ластаушы заттар мен ұсақ бөлшектердің мөлшері анықталады, деп хабарлайды infotabigat.kz.

    Сынамалар белгіленген тәртіппен алынып, зертханада талдаудан өтеді.

    ГАНК-4 – атмосфералық ауадан газдар мен аэрозольдерді жинауға арналған аспап;

    Газоанализатор – ауа құрамындағы белгілі бір газдардың концентрациясын анықтайды;

    Аспиратор – ауаны арнайы сорбенттер арқылы өткізіп, ластаушы заттарды жинауға мүмкіндік береді;

    PM₂.₅/PM₁₀ өлшегіштері – ауадағы ұсақ қатты бөлшектердің мөлшерін анықтайды.

    Алынған нәтижелер қоршаған орта жағдайын бағалауға және ауа сапасына мониторинг жүргізуге негіз болады.

    Spread the love