• kz
  • ru
  • en
  • Жоңғар Алатауында жабайы жануарлардың күзгі санағы жүргізіліп жатыр

    Жоңғар Алатауының асқақ таулары мен орманды алқаптарында жабайы жануарлардың күзгі санағы жүріп жатыр, деп хабарлайды infotabigat.kzЭкология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Күзгі санақтың негізгі мақсаты — ұлттық парк аумағындағы жануарлар дүниесінің қазіргі жағдайын бағалау, олардың санын анықтау және табиғи популяциялардың өзгерісін бақылау. Әрбір із, әрбір кездесу — маңызды дерек! – дейді мамандар.

    Санақ барысында жиналған мәліметтер жабайы жануарлардың таралу ерекшеліктерін зерделеуге, олардың мекендеу аумақтары туралы ақпаратты толықтыруға және табиғатты қорғау шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.

    Мұндай жұмыстар ұлттық парктің биоалуантүрлілігін сақтау мен жануарлар дүниесіне тұрақты мониторинг жүргізуде маңызды рөл атқарады.

    Күзгі санақ жұмыстарының қорытындысы 2026 жылғы 15 қарашаға дейін шығарылады.

    Жоңғар Алатауының бай табиғаты мен жануарлар дүниесін сақтау — ортақ міндет!

    Spread the love