«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласының төртінші өндірістік аймағында ауқымды тазалық жұмыстары басталды, деп хабарлайды infotabigat.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Мақсат Мұқаштың кәсіпкерлерге тазалық мәселесіне қатысты үндеуінен кейін бизнес өкілдері бастаманы қолдап, нақты іске кірісті.

Қазіргі уақытта Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұйымдастыруымен, жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен қала аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Аталған шараға 11 құрылыс компаниясы қатысып, барлығы 13 арнайы техника жұмылдырылды.

Қала әкімі Мақсат Мұқаш санитарлық тазалық жұмыстарын бақылап, бастамаға қолдау білдірген кәсіпкерлер мен азаматтарға алғысын жеткізді.

Кәсіпкерлердің қолдауымен қолға алынған тазалық жұмыстары алдағы уақытта да қала аумағында жалғасын табады. Осы орайда барлық кәсіпкерлерді қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған шараларға белсенді атсалысуға шақырамыз.

